Жақиянов Кличко - Джошуа бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін
©Sky Sports
Жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) 29 сәуір күні Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтетін украиналық Владимир Кличко мен британдық Энтони Джошуа (18-0, 18 КО) арасында ауыр салмақтағы WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы талас үшін өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін.
Джошуаның промоутері Эдди Хирннің айтуынша, бұл бокс кешінде тағы бір чемпиондық атаққа талас жекпе-жегі өтеді. Оның қатысушыларының бірі британдық Райан Барнетт (16-0, 9 КО) болады. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Irish-boxing.com порталының мәліметі бойынша, бұл кездесуде Барнеттің қарсыласы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов болуы ықтимал. Өйткені, бұл салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы Шинсукэ Яманака өткен айда ғана жекпе-жегін өткізді және бұған дейін ол өз елінен басқа жерде ешқашан жұдырықтаспаған. Ал WBO тұжырымының чемпионы Марлон Тапалес (29-2, 12 КО) болса жекпе-жегін келесі аптада өткізеді. Осылайша жекпе-жек кешіне WBA (Super) тұжырымының чемпионы Жақияновтың қатысуы жоғары бағаланып отыр.
Еске салайық, Жақиянов өзінің соңғы кездесуін 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Сөйтіп, отандасымыз жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Бірақ кейіннен боксшымыз IBO белбеуінен бас тартты.

Жарнама