auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жақиянов белбеуін Қазақстанда қорғауы мүмкін, бірақ қиындықтар бар - менеджер

Филипп Фондю Жаияновтың жекпе-жегін Қазақстанда ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатыр екен.

Жақиянов белбеуін Қазақстанда қорғауы мүмкін, бірақ қиындықтар бар - менеджер
Қазақстандық Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) менеджері Филипп Фондю WBA атағын Астанада қорғаудың қиындықтарын айтып берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жанат ZZ Жақияновтың басты артықшылқтарын атап өтті. 

- Жанат көптеген боксшының нысанына айналды. WBA чемпондығы оған қалай әсер етті?

- Роуши Уорренді жеңіп, WBA суперчемпионы атанған соң Жанат өз дивизионындағы ең мықты боксшы екенін дәлелдеді.

Мұндай сәттерде сондай бір терең әсерге бөленеің, ЕВU белбеуін ұтса да, 2014 жылдың 26 сәуірінде Шеффилдте Каримді нокаутқа түсіргені қандай әсерлі болды, немесе Жанат жеңіліп көрмеген аргентиналық Гектар Гузманды тізе бүктіріп, WBA чемпионы атанғаны. WBA уақытша чемпионы атану үшін мықтылардың бірі Йонфрез Парехоны жеңгені. Енді міне, соңғы жекпе-жегінен кейін де ...

Қазір менімен расында да көптеген менеджерлер байланысқа шығып, түрлі ұсыныстар айтады. Ұсыныс көп болғанмен, бізге тиімдісі кемде-кем. Шарттарын айтамын. Мықты қарсыласпен жұдырықтасып, үлкен бір атақ қорғау жекпе-жегін өткізетін уақыт келді.

- Келісімшартта назарда неге аударып жатырсыздар?

- Менеджер ретінде менің міндетім келесі жекпе-жек Жанатқа шынымен жақсы табыс әкелетініне көз жеткізу. Жағдайы жақсарып, отбасына көмектесе алу үшін. Мен осыған жауап беремін. Жанат алдына өзге мақсаттар қойған: боксшы ретінде өсіп, мыңтылар қатарына кіру.

Ол үлкен табыс табуға лайық. Қазір атағын Қазақстанда қорғау мәселесін қарастырып жатырмын. Бірақ мұндағы басты кемшілік - елдегі телевизиялық қолдаудың жоқтығы. Ал бұл қосымша табыс көзі болып келеді. Жалпылай алғанда да оның жекпе-жектері сіздердің елде көрсетілмейді.

- Яғни, бүгінде басты қиындық осы болғаны ғой?

- Қазақстан тарапынан телевидениенің қаржылай қолдауының болмауы атақты сіздердің елде қорғауды қиындатып отыр. Астанада өтетін халықаралық көрмеге байланысты бұл жағдай өзгереді деген үміттемін. Мен трансляцияның сатылымы жайын айтып отырмын. Әрине өзге де тұстар бар. Жағдайдың қалай өрбитінін күтіп отырмын.

Қазақстанға бірнеше рет барған едім, бірінші рет  Хулио Васкес пен Хуан Рамонның Алматыдағы андергертында Паскаль Рагаут пен Сиқымбаев жұдырықтасқанда (1994 жыл 22 қаңтар).  Сонымен бірге, 2012 жылдың қаңтарында Жанат Қызылжарда өнер көрсеткенде және сол жылы мамырда Шымкентте болдым.  Сондықтан Қазақстандағы жағдаймен, кәсіби бокстың ерекшелігімен таныспын.

Еске салайық, 11 ақпанда Толедо қаласында Жанат Жақиянов америкалық Роушен Уорренді жеңіп, аса жеңіл слмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерінің иегері атанған. Кейіннен қазақстандық IBO белбеуінен өзі бас тартқан еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар