auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жақиянов әлемдік рейтингте өз орны бар екенін дәлелдеді - ESPN журналисі

Кездесу аяқталысымен төрешілердің шығарған шешімі мынадай болды: 118-110 119-109 және 116-112.

Жақиянов әлемдік рейтингте өз орны бар екенін дәлелдеді - ESPN журналисі
© Reuters

ESPN журналисі Уилл Кент Қазақстандық Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) пен жеңіл салмақта IBF және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған солтүстікирландиялық Райан Барнетт арасында өткен жекпе-жекке байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жақиянов пен Барнетт арасындағы жекпе-жек қазанның 21-нен 22-не қараған түні Белфаст қаласында өтті. Белфаст қаласындағы SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Кездесу аяқталысымен төрешілердің шығарған шешімі мынадай болды: 118-110 119-109 және 116-112.

"Бұл сұмдық жоғары темпте өткен жақын дистанциядағы жекпе-жек болды. Жақиянов өзінің әлемдік деңгейде тек мықты қарсылас қана еместігін, сонымен қатар кез келген соққыға дайын боксшы екенін дәлелдеді. Ол бірнеше жойқын соққыларды қабылдап, соған төтеп бере алды. Соған қарамастан, Барнетт жеңіске лайықты өнер көрсетті, ол жылдам қозғалды, таңғаларлық комбинациялар ментөзімділігін көрсете білді. Ол өзін тағы бес раундқа шыдайтындай етіп көрсетті", - деді Кент. 

Кездесудің видеосы да жарияланды. Айта кетейік, Жақияновты жеңген Барнет жекпе-жек соңынан денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы The Times тілшісі Рон Льюис Тwitter желісіндегі парақшасында жазды.

Жанат Жақиянов WBA (Super) белбеуінен айырылып қалды, ол оны биыл ақпанда иеленген еді. Қазақстандық боксшы спорт мансабында 27 рет жеңіске жетіп (18 КО), екінші рет тізе бүкті, ал оның қарсыласы әлі жеңілген жоқ - 18 жеңіс (11 КО).

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар