Кәсіпқой бокс
3 қараша 2017 15:50
 
Иван Дычконың спарринг қарсыласы бір жылға спорттан шеттетілді

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычконың спарринг қарсыласы бір жылға спорттан шеттетілді ©: fightnews.info

Кубалық кәсіпқой боксшы Луис Ортис допинг ережесін қайталап бұзғаны үшін бір жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлап отыр.

Қазан айында Ортистің өз еркімен тапсырған допинг сынағы оң нәтиже берді. Кубалық боксшы 20 қазанға дейін "Б" пробасын да тексертуге мүмкіндігі болған. Бірақ ол екінші рет допинг сынамада өткен жоқ. 

Осылайша боксшы бір айдың ішінде екінші рет допинг сынақтан сүрініп отыр. Бұған дейін ол WBC белбеуі үшін америкалық боксшы Деонтей Уайлдрмен өтетін кездесудің алдында сынақтан өте алмады. 

Осы жағдайлардың қорытындысы бойынша, 2018 жылдың 22 қыркүйегіне дейін ешқандай кездесу өткізе алмайды. Сонымен қатар ол WBA рейтингінен де шығып қалды. 

Еске салайық, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінің алдында дәл осы Луис Ортиспен спарринг өткізген еді. 

Ал 27 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 29 қазан күні АҚШ-тың Даллас қаласында өткізіп, бірінші раундта америкалық Эйбур Райттан үстем түсті. Кейін 13 қазан күні отандасымыз шаршы алаңға қайта оралып, тағы бір америкалық боксшы Родригес Кейджден айласын асырды. 

Жарнама

Живи спортом!