Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
Иван Дычко. Сурет: latinbox.com
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (4-0, 4 КО) өзінің келесі кездесуін 17 наурызда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
"Жекпе-жек 17 наурызға белгіленді. Багам аралдарында өтеді. Ол жақта жаңа казино ашылып жатыр. Ал The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясы бокс кешін ұйымдастыруға мүмкіндік алды", - дейді қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев.
Оның айтуынша, бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы - 23-жастағы Мұса Тұрсынғалиевте (8-0, 7 КО) өнер көрсетеді. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз IBF белбеуінің жастар арасындағы чемпиондық атағына таласады деп күтілуде.
Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой боксқа 2017 жылдың қыркүйек айында ауысты. Содан бері ол төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Ал Мұса Тұрсынғалиев болса қараша айында ауысып, сегіз кездесу өткізіп, барлығын да жеңіспен аяқтаған еді. Бірақ Вoxrec.com порталы қазір отандасымыздың тек алты ғана кездесуін есепке алып отыр.

Жарнама