Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні белгіленді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
BoxRec.com ақпараты бойынша, Дычконың келесі кездесуі 4 маусым күні Луисвилл (Кентукки штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Бірақ қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Иван соңғы кездесуін 18 желтоқсан күні Алматы қаласында өткізіп, ресейлік Александр Устиновты (36-6-1, 27 КО) бірінші раунда нокаутпен жеңді. Содан соң Дычко 16 сәуір күні америкалық Дэниель Мартцпен (20-10-1, 17 КО) жекпе-жек өткізуі керек болған. Бірақ отандасымыз АҚШ-қа виза ала алмай қалды.
Жарнама