Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды

©The Heavyweight Factory©

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11 КО) келесі қарсыласы мен кездесуі қайда өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

BoxRec.com ақпараты бойынша, Иван Дычконың келесі кездесуі 23 маусымда Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласындағы Casino Buenos Aires спорт кешенінде өтеді. Ал отандасымыздың қарсыласы аргентиналық Кевин Николас Эспиндола (7-3, 2 КО) болады. 

Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін былтыр 18 желтоқсанда Алматы қаласында өткізіп, ресейлік Александр Устиновты (36-6-1, 27 КО) нокаутпен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар