Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) желтоқсан айында шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Боксшы қазан айында жекпе-жекке шығуы керек болған, алайда бұл кездесуі кейінге қалдырылған. Нәтижесінде желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Иван Дычко соңғы рет маусым айында Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Бракамонтемен жұдырықтасып, оны екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Ол WBA Fedecaribe белбеуін де иеленген еді.