Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (12-0, 11 КО) келесі айқасына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
32 жастағы Дычко осыған дейін 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
"Мен әлі карьерамды аяқтамадым, жігіттер. Жуырда жекпе-жек туралы жаңалық болады", - деп жазды боксшы әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Дычко соңғы айқасын маусым айында Аргентина жерінде өткізіп, Кевин Эспиндолу (7-4, 2 КО) деген жергілікті боксшыны ұпаймен жеңді.