Иван Дычко кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін Қазақстанда өткізуі мүмкін

Иван Дычко. Сурет: The Heavyweight Factory
Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) 2020 жылдың соңына дейін екі кездесу өткізу керек. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне бұл кездесулердің қашан өтетінін айтты. 

Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысқан үш жылдың ішінде тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол соңғы жекпе-жегін америкалық Нейт Хэвенгенге (9-3, 7 КО) қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген болатын. 

- Қазір тек желтоқсан айында АҚШ-та жекпе-жек шығып тұр. Оған дейін де бір кездесу табу керек. Тым болмаса сегіз раундтық бір жекпе-жек. 

- Ол кездесу АҚШ-та өте ме, әлде Еуропада ма?

- Еуропада. Мүмкін Қазақстанда шығар. 

Дычконың жуық арада промоутері ауысуы керек. Ол Matchroom Boxing компаниясымен келісімге келген. Қазір бұл компаниямен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жұмыс істейді. 








Метки:
Жаңалықтар