Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысқан үш жылдың ішінде тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол соңғы жекпе-жегін америкалық Нейт Хэвенгенге (9-3, 7 КО) қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген болатын.
- Қазір тек желтоқсан айында АҚШ-та жекпе-жек шығып тұр. Оған дейін де бір кездесу табу керек. Тым болмаса сегіз раундтық бір жекпе-жек.
- Ол кездесу АҚШ-та өте ме, әлде Еуропада ма?
- Еуропада. Мүмкін Қазақстанда шығар.
Дычконың жуық арада промоутері ауысуы керек. Ол Matchroom Boxing компаниясымен келісімге келген. Қазір бұл компаниямен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жұмыс істейді.