Профи-бокс
24 шілде 2017 17:15
 
Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды

Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио Vesti.kz порталының тілшісіне Олимпиада ойындарының жүлдегері Иван Дычконы кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне қалай дайын жатқанын айтып берді. 

"Дычконың дайындығы жақсы өтіп жатыр. Басты мақсат - Иванды әуесқой бокс стильінен кәсіпқой боксқа тез үйрету. Оның дайындығына көңілім толады. Иван жақсы тыңдай алады және дайындықта өзін еш аямайды. 

Табысты боксшының үш қабілеті болуы керек: талат, құштарлық және жігер. Мұның барлығы Дычкода бар. Дайындықтың басы шамалы қиындау болған еді. Қазір бір жолда қойып алдық. Негізі ауыр салмақта өнер көрсететін боксшыларды дайындау қиын. Менің ойымша, Иванды әуесқой бокста да дұрыс дайындамаған сияқты. Өйткені, бізге келгенде техникасы әлсіздеу еді. 

Қазір Иван күніне екі рет - таңертең және кешке жаттығу жасайды. Дайындықтар екі сағатқа созылады. Кейбіреулер кәсіпқой боксшыға күніне үш не төрт рет дайындық өткізу керек дейді. Бірақ ол қате пікір. Боксшының денесі қалыпқа келуі керек. Мұны заманауи медициналық тексеріс те дәлелдеп берді. Менің шәкірттерімнің бірі Саливан Баррераның соңғы жекпе-жегін қараңызшы. Ол 10 раундқа созылған кездесуде мүлде шаршамады. Оның барлығы да дұрыс дайындықтың арқасында. Физикалық дайындыққа екі күні уақытымызды бөлеміз. Ал бір күні жүзуге және велосипед тебуге арнасақ, қалған төрт күнде техника жағына назар аударамыз. 

Кәсірқой бокстағы тағы маңызды дүниелердің бірі - тамақтану. Қазір Дычко аминокислота, калий, протеиннен жасалған коктейл, C және D витаминдерін ішіп жатыр. Қазір оның организмі мұның барлығын дұрыс қорытын жатыр. Ол менің ең мықты шәкірттерімнің бірі. Менің ойымша, осы қарқынмен дайындықты жалғастыратын болсақ, Иван бірінші кездесуін тамыз айында өткізіп қалуы мүмкін", - дейді Сантонс. 

Еске салайық, Дычко америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады. 

Жарнама

Живи спортом!