Иван Дычко қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алтынша жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алтынша жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Сегіз раундқа белгілеген кездесуде оған чемпиондық титулға экс-үміткер 32 жастағы америкалық Майкл Марроне қарсылас болды. Кездесу Сент-Питерсбергтегі "Колизейде" өткен бокс кешінің аясында өтіп, бірінші раундта аяқталды.
Қазақстандық боксшы карьерасында алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Дычко барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. 32 жастағы Марроне болса карьерасында тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ол 21 рет жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Дычко карьерасында сегіз раундық кездесуге алғаш рет шыққан. Олимпиада ойындарының қол жүлдегері 2017 жылдың қыркүйегінде кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Оның барлық жекпе-жегі АҚШ-та өтті.
Жарнама