Профи-бокс
7 қыркүйек 2021 17:47

Иван Дычко жекпе-жекке шығатын күн тағы да өзгерді

©The Heavyweight Factory©

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычко (10-0, 10 КО) қыркүйек айында жекпе-жек өткізбейтін болды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының менеджері Зия Алиев айтты. 

"Дычко 11 қыркүйек күні жекпе-жек өткізбейді. Бұл бокм кешінің карды көп өзгеріп жатыр. Сол үшін біз оған басқа бокс кешін қарастырып жатырмыз. Енді шамасы Иван шаршы алаңға қыркүйектің соңында шығатын болар", - деді Алиев. 

Айта кетейік, Дычко соңғы мәрте шаршы алаңға шілде айында шығып, ресейлік Денис Бахтовты (39-19, 26 КО) нокаутпен жеңді. Бұл оның екі жылдан кейін өткізген алғашқы айқасы болды. 

Қазіргі уақытта 31 жастағы боксшы Сан-Диего қаласында жаттығып жатыр. Ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) бас бапкері Эдди Рейносоның қол астында жаттығуда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport