Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко келесі жекпе-жегін 19 шілде күні Вашингтонда (АҚШ) өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Boxrec хабарлағандай, 34 жастағы отандасымыздың қарсыласы – америкалық боксшы Шкулар Лац. Кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп, 8-де жеңіске жеткен. 1 рет жеңілген.
Иван Дычко болса осыған дейін өткізген 14 кездесуінде де жеңіске жеткен.
Вашингтондағы бокс кешіне Иваннан бөлек Данияр Елеусінов те қатысады. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Жарнама