Профи-бокс
16 қазан 2017 13:51
 
Иван Дычко 28 қазанда үшінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычко 28 қазанда үшінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін vk.com/kazboxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 28 қазан күні кезекті жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Егер боксшы шаршы алаңға шығатын болса, бұл оның бір ай ішіндегі үшінші кездесуі болмақ.

Аса ауыр салмақта бақ сынайтын боксшы мен командасы жыл соңына дейін алты жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр екен. Осыған дейін 27 жастағы отандасымыз америкалық боксшылар Эйбур Райт пен  Родригес Кейджді нокаутпен жеңген еді.

28 қазан күні АҚШ-та төрт бірдей бокс кеші өтеді. Егер ол күні Иван Дычко шаршы алаңға шықпайтын болса, 4 қарашаға жоспарлануы мүмкін. Бұл күні жеті бірдей бокс кеші өтеді деп күтілуде.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Жарнама

Живи спортом!