auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ислам мен Кук арасындағы кездесуде төрешілер әділ болады деп үміттенемін - канадалық сарапшы

Ислам мен Кук арасындағы кездесуде төрешілер әділ болады деп үміттенемін - канадалық сарапшы
Танымал канадалық бокс сарапшысы Шон Смит Vesti.kz порталының тілшісіне Астана қаласында өтетін Қанат "QAZAQ" Ислам 24-0, 19 КО) мен Брэндон Кук (18-0, 11 КО) арасындағы кездесуде төрешілер әділ болатынына үмітті екенін айтты. 

"Менің ойымша, бізді жақсы жекпе-жек күтіп отыр. Жеңімпаз WBA ұйымының чемпиондық белбеуіне бір табан жақындай түседі. Бұл жекпе-жекпе болжам жасау мен үшін қиындау болып тұр. Қанат Ислам - өте мықты боксшы. Бірақ Кук те осал емес, алайда, оның тәжірибесі аз. 

Қанат Исламның бұған дейінгі жекпе-жектерінен қарап отырып қорытынды шығаратын болсақ, Брэндон оның ең мықты қарсыласы екен. Бұл "QAZAQ" үшін де Кук үшін де үлкен сынақ болайын деп тұр. Мен тек төрешілер әділ болады деп үміттенемін. Өйткені, кәсіпқой бокста төрешілердің қателігі жиі кездесіп жатады. Сондықтан да мұндай керемет жекпе-жекті төрешілердің шешімі бұзып тастамаса екен", - дейді Смит. 

Еске салайық, Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтеді. Канадалық боксшы өзінің соңғы кездесін отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген болатын. 

Қанат Ислам болса өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама