auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ислам - Брук үшін бірінші орта салмақтағы бірінші кездесуін өткізуге ыңғайлы қарсылас. Олардың кездесуі өтуі мүмкін - британдық тілші

Ислам - Брук үшін бірінші орта салмақтағы бірінші кездесуін өткізуге ыңғайлы қарсылас. Олардың кездесуі өтуі мүмкін - британдық тілші
Сурет: The Mirror
Британдық MMA Plus спорттық порталының тілшісі Бен Смит Vesti.kz порталының тілшісіне жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Келл Брук (36-2, 25 КО) пен бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) арасындағы кездесудің өтуі қаншалықты мүмкін екенін айтып берді. 

- Брук бұрынғыдай мықты емес. Головкин мен Спенске қарсы кездесуде денсаулығына біраз зардап тиді. Сондықтан да Брук өзіне қолайлы бірінші орта салмаққа қайта ауысты. Бұл жерде ол жақсы өнер көрсетуі мүмкін. Котто карьерасын аяқтағаннан кейін WBO белбеуі бос қалады. Ал Андраденің орта салмаққа ауысқан Келлге қандай да бір белбеу жеңіп алуға мүмкіндік ашып отыр. Бұл салмақта Брукқа Чарло, Лара және Херд бәсекелес болады. Басқа боксшылардың деңгейін орташа деп айтар ем, - дейді Смит. 

- Келл Брук пен Қанат Ислам арасындағы кездесу өтуі мүмкін бе?

- Иә. Қанат Ислам Келл Брук үшін бірінші орта салмаққа бойын үйрету үшін жақсы қарсылас болар еді. Жалпы негізі WBO белбеуіне үміткер барлық боксшылар Брук үшін мықты қарсылас болады. Бірақ оның алдағы қарсыласы кім болатынын білмеймін. Дегенмен оның келесі кездесуі Ұлыбританияда өтетініне сенімдімін. 

Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйек айында Брук орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иерегрі қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескен. Ол жекпе-жек Лондон қаласында өтіп, GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы кездесуде Брук көзін жарақаттап алған еді.

Ал өзінің соңғы кездесуін Брук америкалық Эррол Спенске (27 мамыр) қарсы өткізіп, 11 раундта нокаутпен жеңіліс тапты. Бұл кездесуде британдық боксшы тағы да көзін жарақаттап алды. Осы кездесуден кейін Брук біржолата бокстан кетемін дегенді айтты. Бірақ кейін ол командасымен ақылдасып, карьерасын жалғастыратын болды. Енді оның келесі кездесуі 2017 жылдың соңында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, 33 жастағы Қанат Ислам қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. Ол соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астанада өткізіп, канадалық Брэндон Куктан үстем түсті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама