auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

IBF Мартиросянмен өтетін кездесудің алдында Головкинге арнайы сый жасады

IBF Мартиросянмен өтетін кездесудің алдында Головкинге арнайы сый жасады
Геннадий Головкин. Сурет: boxingscene.com
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық (37-0-1, 33 КО) америкалық Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 KO) қарсы кездесудің алдында Халықаралық бокс федерациясынан (IBF) арнайы сыйлық алды. 

Лос-Анджелесте өткен жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз жиыны кезінде IBF Головкинге өз белбеуін үш рет сәтті қорғағаны үшін арнайы сақинаны сыйға тартты. Дегенмен де алдағы кездесуде Головкин IBF белбеуін қорғамайды. Өйткені, федерация отандасымызға Мартиросянға қарсы кездесуге рұқсат берген жоқ. 



Бұған дейін IBF Головкинге шарт қойып, украиналық міндетті қарсыласы Сергея Деревянченкомен (12-0, 10) кездесу өткізуді міндеттеді. Нақтырақ айтатын болсақ, қазақстандық боксшы міндетті қарсыласымен 2018 жылдың 3 тамызына дейін жекпе-жек өткізуі керек. Кері жағдайда Головкин бұл белбеуінен айырылады. 

Головкин Мартиросянмен өтетін кездесуден қанша пайда табатыны белгілі болды

Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда Карсон (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз бұл күні Лас-Вегаста HBO арнасында PPV жүйесі бойынша Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, бокстан шеттетіліп, жекпе-жек өтпейтін болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама