Кәсіпқой бокс
23 тамыз 2017 00:17
 
IBF Кроуфордты Қазақстанның тумасымен жекпе-жек өткізуді міндеттеді

  Пікірлер

blog.share

IBF Кроуфордты Қазақстанның тумасымен жекпе-жек өткізуді міндеттеді

Халықаралық бокс федерациясың (IBF) бірінші жартылай жеңіл салмақта WBA (Super), WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфордты (32-0, 23 КО) ресейлік Сергей Липинецпен (12-0, 10 КО) кездесу өткізуді міндеттеді. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлайды. 

Екі боксшының командалары жекпе-жекті ұйымдастыру үшін 17 қыркүйекке дейін келісімге келуі керек. Кері жағдайда IBF жекпе-жекті промоутерлік саудаға қояды. 

Boxingnews24 порталының мәліметі бойынша, Кроуфорд Липинецпен кездесуден бас тартып, салмағын ауыстырып жіберуі мүмкін. Еске салайық, өткен аптаның соңында америкалық боксшы Джулиус Индонгодан (22-1, 11 КО) айласын асырып, бірінгі жартылай жеңіл салмақтың абсолютті чемпионы атанды. 

Ал Липинец болса соңғы кездесудің осы жылдың наурыз айында өткізіп, америкалық Кларенс Бутты (15-3, 8 КО) нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, 28 жастағы Липинец Ақтөбе облысының Мартұқ ауылында дүниеге келген. Ол әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында кикбоксингтен Ресей және Еуропа чемпионы. Кәсіпқой боксқа Липинец 2014 жылы ауысып, осы уақытқа дейін 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Жарнама

Живи спортом!