Халықаралық бокс федерациясы (IBF) өз чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге керемет жетістігі үшін ең жоғары сыймен марапаттайды, - деп хабарлайды
Vesti.kz Boxing News сайтына сілтеме жасап.
Головкинге Джерси Джо Уолкотт атындағы IBF сыйы табысталады. Марапаттау рәсімі Флорида штатындағы Сент-Питерсберг қаласында мамырдың 21 мен 25 аралығы өтетін 34-ші жыл сайынғы Конвенциясы кезінде табыс етіледі.
Еске салайық, Головкин 2015 жылы Давид Лемьені жеңгеннен кейін IBF белбеуіне ие болған еді. Содан бері ол чемпиондық атағын сәтті қорғап келеді.
Жарнама