IBF Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтуіне қарсы емес
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің өтуіне қарсы болмайтынын мәлімдеді.
Ring Polska сайтының мәліметінше, IBF Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченко аталмыш жекпе-жек өткеннен кейін қазақстандық боксшымен жұдырықтасады деп шешкен.
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Багам аралдарының боксшысы Туреано Джонсонды жеңіп, орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы атанған болатын. Майамиде өткен кездесуде Деревянченко қарсыласынан едәуір үстем болды. Сөйтіп, кездесудің 12 раундында украиналық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Осылайша, Сергей Деревянченко кәсіпқой бокста 11 жеңіске қол жеткізді. Оның 9 кездесуінде ол қарсыласын нокаутқа түсірген. Бұл жеңісінен кейін украиналық боксшы орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы атанды. Туреано Джонсон болса 20 кездесу өткізіп, екінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр. Сондай-ақ, Деревянченко қазақ бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол елордалық «Астана арландары» клубы сапында өнер көрсетіп, Бүкіләлемдік бокс сериясында жеңіске жеткен.
Бұған дейін WBC ұйымының басшысы Маурисио Сулейман Баку қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55-конвенциясы аясында сөйлеген сөзінде WBC қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті өткізуге рұқсат еткенін мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, отандасымыз GGG (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталды. Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғады, ал мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тіккен болатын.
Қарымта жекпе-жек келесі жылдың көктемінде, нақтырақ айтқанда, наурыз немесе мамыр айында өтуі мүмкін. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеген болатын. Оның сөзіне сенсек, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін ресми түрде келісімшартта басталып кеткен.

Жарнама