Профи-бокс
22 мамыр 2018 10:19
 
Хулио Сезар Чавес алдағы жекпе-жегін Головкиннің қарсыласымен өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Хулио Сезар Чавес алдағы жекпе-жегін Головкиннің қарсыласымен өткізеді Хулио Сезар Чаве. Сурет: Golden Boy

Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалыұ кіші Хулио Сезар Чавес (50-3-1, 32 КО) келесі кездесуін тамыз айында өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Boxingnews24.com порталы хабарлап отыр. 

32 жастағы Чавестің келесі кездесуі 4 немесе 11 тамызда өтуі мүмкін. Жекпе-жек 169 фунтта өтеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мексикалық боксшының қарсыласы болуы мүмкін деген үш боксшының есімі аталуда. Олардың қатарында Габриэль Росадо (24-11, 14 КО), Серхио Мора (29-5-2, 9 КО) және Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО) бар. 

Бұл тізімдегі екі боксшы орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) кездескен. Тарқатып айтсақ, Мартиросян 5 мамыр күні екінші раундта жеңіліп қалса, Росдан 2013 жылы кездесіп, жетінші раундта жеңілді. 

Кіші Чавестің өзі болса соңғы сұқбаттарының бірінде Головкинмен кездескісі келетінін айтты. Бірақ қазақстандық боксшымен кездесу үшін ол алдымен екі немесе үш кездесу өткізіп алуы керек екенін да айта кетті. 

Еске салайық, Чавес соңғы кездесуін өткен жылдың мамыр айында өткізіп, төрешілердің бір ауыз шешімі бойынша отандасы Сауль "Канело" Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңіліп қалды. 

Жарнама

Живи спортом!