auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің "сыңары" өзінің чемпионмен ұқсастығы жайында айтып берді

Головкиннің "сыңары" өзінің чемпионмен ұқсастығы жайында айтып берді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ұқсайтын жігіт Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны Руслан Оспанов екені анықталды. Руслан өзінің әлем чемпионына ұқсайтыны жеке өмірде қалай әсер еткенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екі жыл бұрын Астанаға келдім. Сол кезден бастап адамдар Головкинге ұқсайтынымды айта бастады. Таныстарым мен әріптестерім ұқсастығымды айтып жүрді. Кей кездері автобуста немесе көшеде адамдар келіп Головкинмен туыстық қарым-қатынасымның бар-жоғын сұрайды. Менің бойым да салмағым да онымен бірдей. Адамдар мен күлген кезде оған қатты ұқсап кететінімді айтады. Негізінде оның басының формасы басқа және кейбір кескіндеріміз де әр түрлі. Мінезім қарапайым, Гена секілді жымиып жүремін әрдайым", - дейді Оспанов.



Сонымен қатар, Руслан Оспанов өзінің күнделікті өмірі жайлы айтып берді.

"Менің өмірім басқа да қарапайым адамдардан айырмашылығы жоқ. Өскеменде тұрамын. Программист болып қызмет етемін. Сүйген қызым бар. Головкинге ұқсастығыма жақсы көзқараспен қараймын. Оның барлық жекпе-жектерін үзбей көремін. Ол қарсыластарын салқынқанды түрде қирататынына тәнтімін. Биыл оның "Канеломен" шыққан жекпе-жегін көргім келеді. Менің ойымша, ол жеңіске жетеді. Мен онымен қаншалықты ұқсас екенімді көру үшін бетпе-бет жүздескім келеді. Ол - ең мықты, сол себепті оған еліктеу керек", - деді ол.



Головкинге ұқсайтын жігіт өзінің еш уақытта бокспен шұғылданбағанын айтады, бірақ төрт жасынан бастап әскери самбомен айналысады екен.



Осыған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ұқсайтын ер адамның видеосы таралды. Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланған видео бір тәуліктің ішінде 163 мың рет қаралған. "Автобустан Головкинді кездестіріп қалдым", - деп жазады ролик авторы.

Пікір білдіргендер Руслан мен Геннадийдің қатты ұқсайтынын айтып жатса, кейбіреулер ешқандай да сәйкестік көрмегенін жазып жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама