auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан қалай құтылды?

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан қалай құтылды?
Невада штатының Спорттық комиссиясының (NSAC) басшысы Боб Беннет Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегінде жеңісті мексикалыққа берген төреші әйел Аделаида Бердтің бұдан ары қалай жұмыс істейтіні жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу қорытындысы бойынша Берд 118-110 ұпайын Канелоның пайдасына берген еді. Бұдан кейін рефериге қарай сын қарша борады. Бокс жанкүйерлері оны төреліктен қуу керек дегенді айтқан. Тіпті Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойяның өзі оның есебімен келіспеген.



Мұның алдында Боб Беннет мексикалық Сауль Альварес Головкинді 118-110 есебімен жеңді деген судья Аделаида Бердпен бірге жекпе-жекті қайта қарап, одан әрбір раундта берген бағасын түсіндіріп беруін талап етуге уәде берген еді.

"Біз Аделаидамен бірге жекпе-жекті көреміз, әрбір раундты. Ол маған не көргенін, қалай көргенін және әр боксшыға неліктен сондай баға бергенін түсіндіріп беретін болады. Әрине, қателеспеген бокс төрешілері жоқ. Ол бұл жолы қателік жіберді, біз қажетті шараларды қолданамыз", - деген еді Боб Беннет.

Көпшілігі басы дауға қалған төрешіні жұмыстан шеттетеді деп күткен. Алайда Баннет Las Vegas Review Journal басылымына берген сұхбатында төрешінің шеттетілмейтінін айтты. Айтуынша, рефери кішігірім үзіліс алыпты.

"Ол шеттетілген жоқ. Біз онымен бірге жекпе-жекті қайта қарап, оның есебін санадық. Ол кішігірім үзіліс алса, осы да жеткілікті деп шештік. Таяуда ол жұмысына оралады. Оның алдағы чемпиондық жекпе-жектерде төрелік ету-етпеуін әлі шешкеніміз жоқ. Бұл өте сәтсіз түн болды. Төреші өз қалпына келсек, бұдан ары жұмыс істей береміз деп ойлаймын", - деді NSAC басшысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама