Профи-бокс
1 наурыз 2017 15:32
 
Головкиннің спарринг қарсыласы оның шаршы алаңдағы артық және кем тұстарын айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің спарринг қарсыласы оның шаршы алаңдағы артық және кем тұстарын айтып берді ©: USA Today

Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы америкалық боксшы Давид Бенавидес (18-0, 17 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головинмен алғашқы рет кездескендегі әсерімен бөлісті және қазақстандық боксшының ең күшті соққысы мен спаррингі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды сайтының қазақ бөлімі.

"Алғаш рет кездестіргенімде оның кім екенін білмедім. Big Bear-ге алғаш келуім еді, әкем мына жігітпен спаррингке шығасың деді. Мен рингке қарағаным есімде: ол дайындалып жатты да, маған өткір көзімен бір қарады. Селт ете түскенім рас. 15 жасыңда Головкинмен спаррингке шығу қалай болатынын ойлап көріңіз. Ол тым күшті еді, дегенмен, шыдадым және көп нәрсе үйрендім.

Кейін мені тағы спаррингке шақырды. Головкин сияқты чемпионмен жаттығу үлкен абырой. Оның қысымы қатты және өте мықты, сол үшін көбірек ойланып, өзіне қарай шабуылдауды үйрендім. Бұл лагерьде болу керекмет.

Бір байқағаным, Головкин қарсы соққы жасауға ыңғайлы сәтті күтеді. Джебы ауыр. Қысқа соққылар жасап шаршатып тастайды. Сосын оң оверхэнді ауыр тиеді. Өте қауіпті. Ал оның ең тамаша соққысы - денеге бағыттайтын сол жақ хугы. Сөзсіз мықты. Ол жоғарыға соққы жасайды, сіз қорғанамын деп қолды жоғары көтергенде, ол ішіңізден ұрады. Сосын ол дуалды тесіп өткісі келетіндей ұрады.

Аяғымен қозғалысы да жақсы, Головкин үнемі ауыр соққы жасуға икемделеді. Ол менің жетістікке жетуіме көп көмектесті. Геннадий мықты боксшы. Айтарым осы. Біз керемет спаррнг-сессиялар өткізіп жүрміз", - дейді Бенавидес RingTV арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бенавидес қазақстандық боксшыға алдағы Дэниэл Джейкобске қарсы жекпе-жегі алдындағы жаттығуларына көмектесіп жатыр.

Жарнама

Живи спортом!