Головкиннің соңғы қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионынан жеңіліп қалды
Әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Олардың кездесуі Эль-Пасо (Техас штаты, АҚШ) қаласында өтті. Бұл айқаста мексикалық боксшыға тиесілі орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуі сарапқа салынды.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Бірақ алтыншы раундта аяқталды. Шеремета кездесуді ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Jaime Munguia a career-high 53 punches in Round 6 ?
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) June 19, 2021
(@Autozone) pic.twitter.com/luAhstxWbV
24 жастағы Мунгия үшін бұл кәсіпқой бокстағы 37 жеңісі. Ол орта салмаққа 2020 жылы ауысты. Оған дейін бірінші орта салмақта WBO белбеуінің иегері болған.
Ал 31 жастағы Шеремета болса қатарынан екінші кездесуде жеңіліп отыр. Бұған дейін ол қазақстандық Геннадий Головкиннен ұтылған болатын.
Негізі бұл кездесудің орнына Мунгия Мацей Сулецкимен кездесу керек болатын. Бірақ ол жарақат алып қалды.
Жарнама