Головкиннің Шереметамен чемпиондық жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды

Сурет: instagram.com/gggboxing

Таным бокс тілшісі Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин мен полшалық Камил Шеремета арасындағы жекпе-жектің қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz 

Оның ақпараты бойынша, кездесу 18 немесе 19 желтоқсанда АҚШ жерінде өтеді. Жекпе-жекті DAZN тілкелей көрсетеді. Сондай-ақ Копинджер Головкин көктемде тағы бір кездесу өткізетінін айтты. 

"Дереккөз: Геннадий Головкиннің Камил Шереметеға қарсы кездесуі 18 немесе 19 желтоқсанға белгіленіп отыр. Айқас АҚШ жерінде өтеді. Оны DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Содан кейін Головкин 2021 жылдың көктемінде тағы бір кездесу өткізеді", - деп жазды Копиннджер твиттер парақшасында. 



Еске салайық, Головкин өз белбеуін Шереметеға қарсы қараша айында қорғайуы керек еді. Бірақ полшалық боксшының промоутері Анджей Василевски кездесудің кейінге шегерілгенін хабарлады. 

Соңғы рет Головкин шаршы алаңға 2019 жылы Нью-Йорк қаласында шығып, укранилық Сергей Деревянченконы жеңді. Бұл кездесуде отандасымыз екі белбеу жеңіп алды. Бұл бокс кешінде Шеремете да шаршы алаңға шығып, мексикалық Оскар Кортесті жеңген болатын. 






 

Метки:
Жаңалықтар