Әлемнің бұрынғы чемпионы Ише Смит америкалық Джермалл Чарлоның рингтан тыс өз-өзіне қалай ұстайтыны ұнамайды, деп жазады fightnews.info порталы. Оның айтуыншша, орта салмақта WBC белбеуінің иегері жекпе-жектен бос уақытында ішімдік көп ішеді екен.
"Жаттығу лагерінде оған тең келетін ешкім жоқ. Бірақ жаттығудан кейін ол мас болғанша ішеді. Бұл жағдай ерте ме, кеш пе оның карьерасына кері әсерін тигізеді. Жартылай спортшы, жартылай маскүнем деген болмайды. Бір жағына шығу керек. Саған бұл футбол немесе баскетбол емес. Әйтеуір бір күні зардабын шегесің", - деді Ише.
Айта кетейік, 18 маусым күні Чарло польшалық Мацей Сулецкиге қарсы кездесу өткізу керек болатын. Алайда айқас кейінге шегерілді. Дегенмен нақты қай күнге екені белгісіз. Осы орта салмақта біздің отандасымыз Геннадий Головкин де өнер көрсетеді. Ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.