Головкиннің салмағындағы боксшы қарсыласын бір соққымен ауыр нокаутқа түсірді

©PBC

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джоуи Спенсер (14-0, 10 КО)  мексикалық Лимберт Понсені (18-5, 11 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Ньюарк (Нью-Джерси штаты. АҚШ) қаласында Prudential Center спорт кешенінде өтті. Жекпе-жектің жеңімпазы бесінші раундта анықталды. Спенсер бір ғана соққысымен мексикалық қарсыласын ауыр нокауқа түсірді.

 

Осылайша, Спенсер карьерасындағы 14 жеңісіне қол жеткізсе, Понсе бесінші рет жеңілді. 

Айта кетейік, осы орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) де өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар