Головкиннің салмағындағы боксшы қарсыласын бір соққымен ауыр нокаутқа түсірді
Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джоуи Спенсер (14-0, 10 КО) мексикалық Лимберт Понсені (18-5, 11 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джоуи Спенсер (14-0, 10 КО) мексикалық Лимберт Понсені (18-5, 11 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу Ньюарк (Нью-Джерси штаты. АҚШ) қаласында Prudential Center спорт кешенінде өтті. Жекпе-жектің жеңімпазы бесінші раундта анықталды. Спенсер бір ғана соққысымен мексикалық қарсыласын ауыр нокауқа түсірді.
If you guessed @JSNation_ was going to win by KO, you were right ??! #SpencerPonce #PBConFOX pic.twitter.com/tbMM47kPZy
— Premier Boxing Champions (@premierboxing) December 26, 2021
Осылайша, Спенсер карьерасындағы 14 жеңісіне қол жеткізсе, Понсе бесінші рет жеңілді.
Айта кетейік, осы орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) де өнер көрсетеді.
Жарнама