Головкиннің салмағындағы әлем чемпионының басы дауға қалды. Ол қамауға алынды

©boxingscene.com

Орта салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық боксшы Джермалл Чарлоның (32-0, 22 КО) басы дауға қалды. Бұл туралы TMZ хабарлайды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Чарло Сан-Антонио (Техас штаты, АҚШ) қаласындағы барлардың бірінде даяшымен жанжалдасып, қамауға алынған. Оқиға 16 шілде күні, Джермаллдың бауыры Джермелл AT&T Center аренасында Брайан Кастаньоға қарсы кездесу өткізуге бір күн қалған кезде болған. 

Полиция ақпараты бойынша, Джермалл Texas барында көңіл көтеріп жүрген. Даяшы боксшы мен оның досына есепшот алып келген. Чарло несие картасымен құжатын берген. Бірақ карта бұғатталған. 

Даяшы қыз қайта келіп, есепті басқа әдіс арқылы жабуды сұраған. Сол кезде 31 жастағы Чарло ашуланып кеткен. Полицияның хабарына қарағанда, Джермалл ашуланып, даяшы мен менеджерлерге дауыс көтерген. 

Полция ақпараты бойынша, Чарлоның даяшыдан есепшот салынған папканы алып қойған видеосы да бар. Олардың бірінде Чарлоның құжаты болған. Екіншісінде басқа бір кісінің есепті жапқан ақшасы тұрған. Содан кейін боксшы мен достары бардан кетіп қалған. Арада бірнеше уақыт өткеннен соң даяшы қыз жеңіл жарақат алғанын айтып, полицияға хабарлаған. 

Осы жағдайға байланысты Чарло қамауға алынды. Боксшы сәрсенбі күні таңертең өзі полицияға келген. 

Boxingscene.com порталы ақпараты бойынша, Чарло 5000 доллар кепіл беріп, бостандыққа шыққан. Енді оның ісі Техас штатының соттарының бірінде қаралады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар