8vC88lv7JYROhwaCHP9fzqvKG9TKNI2JII3LSPvQ
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкиннің рингке шығуына кедергілер келтіріліп жатыр - WBC президенті

Головкиннің рингке шығуына кедергілер келтіріліп жатыр - WBC президенті
Маурисио Сулейман. © WBC

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Marca басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсылас табудағы қиындықтарға байланысты қолдау жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Сулейманның айтуынша, Головкин мен Альварес реваншының тағдыры NSAC шешімімен байланысты болады.

"Бұл 18 сәуірде шығатын NSAC шешіміне байланысты болады. Болжам бойынша, ол уақытша дисквалификацияланады. Реванштың қай кезде өтетіні сол мерзімге байланысты - 2018 жыл ма, 2019 жыл ма", - деді ол.

5 мамырда жекпе-жек өткізуге ниетті Головкиннің келесі қарсыласы жөнінде сұраққа жауап берген Сулейман Головкиннің рингке шығуына кедергілердің болып жатқанын айтты.

"Ол үшін қарсыластарының барлығы бұғатталды. Комиссиялар, промоутерлер, телевизия және бокс әлеміндегі өзге ұйымдар - олар рингке шығатын жолды жауып отыр. Көпшілік өздерін ұсынған, бірақ, ақырында бас тартылды", - деді ол.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес биыл 5 мамырда реванш өткізуі тиіс болған. Алайда мексикалық боксшы екі рет допинг-тесттен өтпей қалды. Ол тыйым салынған заттардың ет арқылы түскенін айтты. Алайда наурызда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны уақытша шеттетті. Альварес болса 3 сәуірде Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты.

Альварестің допингке қатысты ісінің тыңдауы 18 сәуірде өтеді. Ол телефон арқылы тергеледі немесе Лас-Вегаста NSAC сұрақтарына жауап береді. Егер ол өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаса, бір жылға дейін дисквалификациялануы мүмкін. Альварестің допинг-тесттен өтпей қалуы Головкиннің де жоспарына әсер етті, ол 5 мамырда жекпе-жек өткізуге ниеттеніп отыр, бірақ әлі күнге дейін қарсылас табылған жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
23 қыркүйек, 20:35
Бокс
Усик пен Джошуа көз арбасты Усик пен Джошуа көз арбасты