Головкиннің промоутері тағы бір қазақстандық боксшымен келісімшарт жасайды

The Heavyweight Factory©
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) жақын арада промоутерін ауыстырып, бір жылдан кейін шаршы алаңға қайта оралады. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында менеджер Зия Алиев бұл мәселеге қатысты толық айтып берді. 

2019 жылдың шілде айында 29 жастағы боксшымыз соңғы рет шаршы алаңға шыққан еді. Содан соң отандасымыз бір жыл жұдырықтаспады. Ол жалпы кәсіпқой бокста тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

"Біз бір промоутерден кетіп, басқа промоутермен келісімшарт жасауға келіссөз жүргіздік. Сол үшін де ол жұдырықтасқан жоқ. Мұндай процесс кезінде басқа нәрсенің барлығы тоқтап қалады. 

Промоутермен келісе алмай қалған кезіміз де болды. Сол үшін промоутер ауыстырып жатырмыз. Қазір аяқталып қалды. Шамасы Matchroom компаниясымен келісімшарт жазатын шығармыз", - деді Алиев. 

Айта кетейік, Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирн. Ол Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Данияр Елеусіновпен (9-0, 5 КО) жұмыс істейді. 

Одан бөлек, тағы танымал бірнеше боксшылар бар. Тарқатып айтсақ, аса ауыр салмақтағы WBA (Super), IBF, IBO және WBO чемпионы британдық Энтони Джошуа (23-1, 21 КО), хорват Филип Хргович (10-0, 8 КО) секілді ауыр салмақтағы боксшылар бар. 






Метки:
Жаңалықтар