Головкиннің промоутері Сондерстің келесі қарсыласы кім болатынын хабарлады

Билли Джо Сондерс. Сурет: eurosport.ru©
Супер орта салмақта WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) өткен жылдан бері қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұмыс істеп келе жатқан промоутер Эдди Хирн ұсынған төрт боксшының бірімен жұдырықтастады,- деп хабарлайды vRINGe.com порталы. 

Промоутер Дмитрий Чудинов (21-6-3, 13 КО), Рокки Филдинг (28-2, 16 KO), Мартин Мюррей (39-5-1, 17 KO), Джон Райдер (28-5, 16 KO) секілді боксшылардың тізімін атады. 

Негізі Хирн шамалы қателесіп қалған сияқты. Ол өзінің мәлімдемесінде Дмитрий Чудиновті айтып қалды. Бірақ оның жеңіске жетпегеніне көп уақыт болды. Оның орнына боксшының бауыры Федор Чудинов бұл тізімде болуы керек. 

Айта кетейік, Сондерс шаршы алаңға 2019 жылдың қараша айынан бері шықпай келеді. Ол соңғы кездесуінде аргентиналық Марсело Косераспен кездесіп, 11 раундта нокаутпен жеңіске жетті. 






Метки:
Жаңалықтар