auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің промоутері Сондерспен маусымдағы кездесуден неліктен бас тартқанын айтты

Головкиннің промоутері Сондерспен маусымдағы кездесуден неліктен бас тартқанын айтты
© HBO.com
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер маусым айына жоспарланған жекпе-жектен не себепті бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 10 маусымда өтетіні хабарланды. Бірақ кейіннен жекпе-жектің өтпейтіні белгілі болды. 

Леффлердің айтуынша, маусымдағы жекпе-жектен бас тартуға және олардың шешім шығаруына бірнеше фактор әсер еткен. Оның ішінде Головкиннің Дэниэл Джейкобспен 12 раундтық кездесу өткізуі және Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен жекпе-жекті тағы бір апта ерте өткізуді ұсынған.

"Геннадий маусымда шаршы алаңға шықпайды. Біз әрине Билли Джо Сондерспен жекпе-жекті қаладық, алайда Дэнни Джейкобспен өткен жекпе-жектен кейін уақыт тым аз берілді. Ендігі кезекте Головкиннің қашан жұдырықтасуға дайын екенін білетін боламыз және ең жақсы ұсыныстарды қарастырамыз. Головкин жаттығу жұмыстарын осыдан екі апта бұрын бастауы керек болушы еді, ол 12 раундтық кездесу өткізді. Кездесудің уақытына байланысты мәселе туындады. Уоррен жекпе-жекті тағы бір апта ерте, маусымның басында өткізбекші болды. Қорытындылай келе, Головкин маусымда жекпе-жекке шықпайды", - деді Леффлер.

Сонымен қатар, Головкин Қазақстанда алдағы уақытта жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр екен. "Қазақстанда, барлығы оның жекпе-жегі көргісі келеді, Геннадийдің өзі де отанында өнер көрсетуді қалайды.

6 мамырда не болатын көреміз. Егер Чавес жеңіске жететін болса, біз онымен қуана кездесу ұйымдастырамыз. Егер "Канело" жеңсе, ол біздің басты қарсыласымыз болады. Мен Golden Boy компаниясымен әрдайым байланыстамын. 6 мамырды күтеміз, содан кейін келіссөздерді жалғастыру жалғастырмауымыз белгілі болады", - деді Леффлер.

Сонымен қатар, GGG промоутері Томом Леффлермен сөйлескен Дэн Рафаэль, маман ESPN телеарнасының колонкасында былай деп жазды: "Бүгін Лондонда Томом Леффлермен сөйлестім, ол маған Геннадий Головкиннің маусымда жоспарланған жекпе-жекке шықпайтынын айтты. Ендігі кезекте Головкин "Канело" - Чавес кездесуінің жеңімпазын күтетін болады".

Айта кетейік, осыған дейінгі жазбасында Дэн Рафаэль Головкиннің Сондерспен маусымда болжанған жекпе-жегінің болмайтынын жеткізген еді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама