Кәсіпқой бокс
30 маусым 2020 19:32

Головкиннің промоутері Өзбекстанда кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырғысы келеді

Matchroom©
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Өзбекстанда бокс кешін ұйымдастыруды ойлап отыр. 

Қазіргі уақытта Хирннің бірінші жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевпен (8-0-0, 6 KO), Шахрам Гиясовпен (9-0-0, 7 KO) және Исраил Мадримовпен (5-0-0, 5 KO) келісімшарты бар. 

"Эм-Джей, Шахрам және Исраил - өте талантты боксшылар. Мен Муроджонның 122 фунтта барлық белбеуді жеңіп алғанын қалаймын. Шахрам мен Исраил жуық арада чемпион болады. Бұл жігіттердің чемпион атанатын барлық мүмкіндіктері бар. Сол үшін бір күні мен Өзбекстанда шоу өткізгім келеді", - деді Хирн Bad Left Hook порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Хирн екі бірдей қазақстандық боксшымен жұмыс істейді. Олар - орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Генадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КO). 

2018 жылы Хирн DAZN стримингтік сервиспен құны миллард доллар тұратын келісімшарт жасаған еді. Бұл келісімшарт бойынша Matchroom промоутерлік компаниясы жылына 32 жекпе-жек кешін ұйымдастыруға міндетті. Ал Англияда Хирннің Sky Sports арнасымен келісімшарты бар.