Головкиннің промоутері коронавирус жұқтырып алды

Сурет: fightnews.info
Танымал кәсіпқой бокс менеджері және Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн коронавирус жұқтырып алды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Хирн Ұлыбританияның Милтон-Кинс қаласында болған еді. Бұл қалада бокс кеші өтуі керек еді. 

"Менің COVID-19 вирусына тапсырған тестім оң нәтиже беріпті. Сондықтан бокс кеші өтетін жерден кетуге мәжбүр болдым. Қуанышымызға орай, бокс кешіне қатысатын басқа ешкім вирус жұқтырмады. Үйге демалуға қайттым", - деді 41 жастағы Хирн өзінің Twitter парақшасында. 



Айта кетейік, Хирн аса ауыр салмақтағы IBF, WBA, WBO және IBO белбеулерінің иегері британдық Энтони Джошуа мен украиналық әлемнің абсолютті чемпионы Александр Усиктің жекпе-жектерін ұйымдастырады. 





Метки:
Жаңалықтар