Профи-бокс
19 қаңтар 2022 16:10

Головкиннің промоутері бокс әлемінен кетеді дегенге қатысты пікір білдірді

©Sky Sports

Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұмыс істейтін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн жуырда DAZN стримингтік сервисінде бокстан кететін хабарлайды. Бұл туралы инсайдер Майкл Бенсон әріптесі Майк Коппинджерге сілтеме жасап мәлімдеді, деп жазады vRINGe.com порталы. 

"Хирн жуырда промоутерлік жұмысын тоқтатады. Бұл туралы оның өзі DAZN стримингтік сервисін BT Sport телеарнасы сатып алған соң хабарлайды. Ал Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының барлық ірі келісімшарттары Фрэнк Уорренге беріледі. Осы азамат DAZN сервисінің промоутері болады", - деп жазды Бенсон. 

Осы ақпарат шыққаннан соң барлық БАҚ өкілдері мұны көшіріп жаза бастады. Бірақ көршілік Бенсонның бұл аккаунты фейк екеніне ешкім назар аудармады. 

 

Содан соң Хирн ресми түрде пікір білдірді. "Мен қанша хат алғанымды елестете де алмайсыздар. Жанкүйерлер менен не болды, не үшін бокстан кетіп жатқанымды сұрауда. Сосын мен бұл аккаунт Бенсонға тиесілі емес екенін түсіндіремін. Егер мұқият қарасаңыздар, онда бір "Н" әріпі артық. Ресми түрде айтайын, мен ешқайда кетіп жатқаным жоқ. Бокс әлемінде қаламын", - деді промоутер. 

Еске салайық, Головкин DAZN компаниясымен 2019 жылы 100 миллион долларға келісімшарт жасаған еді. Бұл келісім бойынша отандасымыз алты кездесу өткізу керек. Ал қазір бар болғаны үшеуін ғана өткізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport