Головкиннің міндетті қарсыласы Чарлоның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды
©:Fightnews.info
Орта салмақта Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) уақытша чемпионы үшін өтетін жекпе-жектің қашан болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Boxingnews24.com.
Бұл кездесуде WBС рейтингнінің бірінші нөмірлі боксшысы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) мен тізімде төртінші орында тұрған Уго Сентено (26-1, 14 КО) кездеседі. Жекпе-жек 3 наурыз күні Нью-Йорктегі (АҚШ) Barclays Center аренасында өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Деонтей Уайлдер (39-0, 38 КО) мен белбеуге үмітті кубалық Луис Ортис (28-0, 24 КО) арасындағы кездесу болмақ.
Орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі қазіргі уақытта Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) тиесілі. Отандасымыз өзінің келесі кездесуін шамамен 5 мамыр күні мексикалық Сауль "Канело" Альвареске 49-1-2, 34 КО) қарсы өткізуі мүмкін.
Негізі Чарло 2017 жылдың шілдесінде Головкиннің міндетті қарсыласы болған еді. Ол кезде америкалық боксшы аргентиналық Хорхе Хейландтан (29-5-2, 16 КО) үстем түскен еді. Өткен жылдың қараша айында WBC Чарло мен Сентено кеңестің уақытша чемпиондық атағын сарапқа салатынын айтты. Қай жеңгені Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Жарнама