Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) Instagram парақшасында 2022 жылғы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Достар, барлықтарыңызға сәлем. Қазір Қазақстандамын. Биылға жоспарымды нақтылап, енді іске асырудамын. Жаттығу жасап, жақындарымның қасындамын. Өмірімнің әр сәтін бағалаймын. Әрқашан көңілді жүріңіздер және әр күніңізге қуаныңыздар", - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, соңғы кездесуінде Азхмедов мексикалық Пол Валенсуэланы (26-11, 17 КО) нокаутпен жеңген еді. Бұл айқас желтоқсан айында Монтебелло (Калифорния, АҚШ) қаласында өтті.
Ал Ахмедовтің жекпе-жектерін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) негізін қалаған GGG Promotions компаниясы ұйымдастырады.