Профи-бокс
27 наурыз 2017 12:25
 
Головкиннің командасы Сондерстің орнына басқа қарсылас тапты

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің командасы Сондерстің орнына басқа қарсылас тапты © Спортивный мир

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес егер WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) келісімшартқа қол қойылмаса, маусымда болатын жекпе-жекке Головкинге басқа бір боксшымен жұдырықтасатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий маусымда жекпе-жекке шыққысы келеді. Егер Сондерспен кездесуді ұйымдастыра алмасаө, оның орнына Туреано Джонсон қарсылас болуы мүмкін. Маусымда кім болатынын көреміз", - деді Санчес K.O Artist Sports басылымына берген сұхбатында.

Осыған дейін, "Геннадий орта салмақта барлық белбеулерді жеңгеннен кейін, сол дивизионда қалудың еш мәнісі жоқ. Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерспен жекпе-жек маусымда өтетін болса, онда GGG екінші орта салмаққа көтерілуді жоспарлап отыр. Ары қарай..."Канеломен" келісімшарт жасалса, онымен жұдырықтасуға да дайынбыз. Егер ол келіспесе, супер орта дивизионға көшетін боламыз", - дейді Санчес

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеген, алайда ол осы келіссөздердің бұрыннан жүргізіліп келе жатқанын айтты. Ол маусымдаға жекпе-жек үшін WBO чемпионы Сондерстің Қазақстанға баруға дайын екенін айтып, қазіргі уақытта тек GGG командасының жауабын күтіп отырмыз деген болатын. Билли Джо Сондерс өзіне ұсынылған шарттардың барлығы ыңғайлы екенін айтып, бірақ та Головкинге тезірек нақты бір ұсыныс тастауды сұрады.

Головкин Туреано Джонсонмен өткен жылдың сәуірінде кездесуі мүмкін еді. Головкинге Багам аралдарының боксшысымен шаршы алаңға IBF тізбегі бойынша міндеттелген, алайда оның қарсыласы жарақат алып қалып кездесуден бас тартты. Оның орнына америкалық боксшы Доминик Уэйд шыққан еді.

Жарнама

Живи спортом!