Профи-бокс
25 қараша 2020 15:32

Головкиннің келесі кездесуінде екі чемпиондық белбеу сарапқа салынады

Геннадий Головкин. Сурет: boxingscene.com©

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камиль Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы кездесуде екі чемпиондық белбеу сарапқа салынады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Matchroom Boxing ақпараты бойынша, бұл кездесуде міндетті қарсыласына қарсы IBF белбеуін қорғайды. Сондай-ақ, отандасымыз алдағы кездесуіне IBO белбеуін де ортаға қойып отыр. Головкин осылайша белбеулерін бірінші рет қорғайын деп тұр. Екі чемпиондық белбеуді ол Сергей Деревянченконы жеңіп, иеленген болатын. 



Айта кетейік, Головкин мен Шеремета арасындағы кездесу 18-желтоқсан күні Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Кездесуді DAZN платформасы тікелей эфирде көрсетеді.