Головкиннің келесі кездесуі қашан өтетіні және қарсыласы кім болатыны анықталды
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі кездесуі қашан өтетіні және оның қарсыласы кім болуы мүмкін екені белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
The Athletic басылымының ақпараты бойынша, Головкин 2021 жылдың көктемінде бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, жуырда орта салмаққа өткен мексикалық боксшы Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) кездесу өткізуі мүмкін.
Дегенмен, Мунгия Головкиннің қарсылас болуы мүмкін деген жалғыз боксшы емес. Негізі отандасымыздың басты мақсаты - мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек өткізу.
Еске салайық, Головкин 19-желтоқсан күні АҚШ-та польшалық боксшы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, белбеулерін қорғап қалды. Кездесу барысында Шеремета төрт рет нокдаун алды. Жетінші раундтан соң айқасты жалғастырудан бас тартты.
Бұл кездесуде Головкин чемпиондық белбеуін 21-рет сәтті қорғады. Осылайша ол атақты Бернард Хопкинстің рекордын бұзды. Америкалық бұған дейін белбеуін 20-рет қорғаған болатын.

Жарнама