auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің келесі қарсыласы "Канело" туралы не білеміз?

Головкиннің келесі қарсыласы "Канело" туралы не білеміз?
16 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 26 жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың үздік кездесуі болуы ықтимал. Осы орайда Vesti.kz порталы отандасымыздың қарсыласы "Канело" туралы қалам тербеп көруді жөн көрді. 

Көптен күткен сәт. Бірнеше жыл бойы ауызша айтылып жүрген әңгіме шындыққа ұласты. Қазіргі уақыттағы әлемнің ең үздік боксшылары шаршы алаңға шығып, кім мықтыны анықтайды. Қазақ жанкүйерлері GGG жайлы мәліметті көп білетін болса, "Канело" біз үшін құпия боксшы. Дегенмен, мексикалық боксшының да өз ерекшеліктері бар. Енді соны тарқатып айтып көрсек. 



Саул Альварес Сантос Барраган көпшілікке Сауль "Канело" Альварес деген атпен танымал. Ол 1990 жылы 18 шілдеде Сан-Агустин (Халиско) қаласында дүниеге келген. Ол Сантос Альварес пен Анна Мария Барраганның ең кіші ұлы. Саульдің алты ағайынды. Ана Эльда, Даниэль Джованни, Хосе Рикардо, Гонсало, Виктор Альфонсо және Хуан Рамон деген ағалары мен әпкелері бар. 

Саульдің барлық ағалары спортпен шұғылданған. Бірақ отбасында "Канело" мен Ригоберто ғана бокста жақсы табысқа қол жеткізген. Ригоберто кәсіпқой бокстағы жолын 2000 жылы бастап, 12 жылдың ішінде 27 кездесу өткізіп, тек төртеуінде ғана жеңіліс құшқан. Ол бірінші орта салмақта WBA уақытша чемпионы атанған. Ал осы белбеудің толыққанды чемпионы атағына талас жекпе-жегінде америкалық Остин Трауттан жеңіліп қалды. Араға екі жыл салғанда Сауль ағасының "кегін" алып, WBA және WBC чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. 

30 жастағы Рамон Альварес 24 жеңіс, алты жеңіліс және екі тең нәтижесі бар. 35 жастағы Рикардо Альварес 30  кездесу өткізген (24-3-3, 14 КО). 



Ригоберто Барраган Саульдің тек ағасы ғана емес, ол оның бапкері де болған. 10 жасында ол ағасынан алғашқы бокс қолғаптарын сыйға алған. Одан бөлек, Ригоберто інісін сол уақыттан бері жаттықтыра бастады. Сауль не үшін боксқа барды? Оған отбасылық дәстүр емес, өз-өзін қорғау үшін барған. 

Кішкентай кезінде көршілері Саульдің жиі мазақ ететін болған. Сондықтан да ол өзін қорғау үшін бокс залына келген. "Канело" деген лақап атының шығу тарихы да қызық. Кәсіпқой боксқа ауысқанан кейін менеджерлерінің бірі "Канелито" деп атай бастаған. Кейінірек ол "Канелоға" қысқартылды. "Канело" деген қазақша аударғанда "қоңыр" дегенді білдіреді. Лақап ат осылай келбетіне байланысты қойылған. 




Сауль Альварес кәсіпқой бокстағы бірінші қадамын 15 жасында бастайды. Өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде ол 18 жастағы отандасы Абрахам Гонсалестен айласын асырады, өзінің дара жолын бастайды. 

Саульден Флойд Мейвезерді есептемегенде жеңілмеген боксшылардың ішінде мексикалық Хорхе Хуарес бар. 2006 жылдың 17 маусымында өткен кездесуде төрешілер тең деген нәтижені тіркеді. Қазір Альварестің еншісінде кәсіпқой бокста 51 жекпе-жек бар. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама