Бұған дейін ол Головкин мен Мурата командалары келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Алайда жапон боксшысы мұндай салмақты қарсыласпен кездеспес бұрын алдымен «қыздырынатын» жекпе-жек өткізгісі келеді. Еске сала кетейік, Мурата WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болса, Головкин – IBF және IBO белбеулерінің иегері.
Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін Геннадий Головкин - Сауль "Канело" Альварес жекпе-жектері трилогиясының соңғы бөлімі туралы әңгіме басылар емес. Ол үшін Головкиннің мексикалық Хайме Мунгиямен жекпе-жекте сәтті өнер көрсетуі қажетті шарт болып отыр. Аталған айқас шамамен мамыр айына жоспарланған.