Кәсіпқой бокс
24 қаңтар 2017 09:50
 
Головкиннің қарсыластарды "таптап" жүргенінен қорықпаймын - Сондерс

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің қарсыластарды "таптап" жүргенінен қорықпаймын - Сондерс ©AllBoxing.ru

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуге келісті. Сондай-ақ, Сондерс Boxing News басылымына берген сұхбатында Головкиннің қарсыластарды "таптап" жүргенінен қорықпайтынын мәлімдеді - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен осы күнге дейін жүрексінбей Головкинмен жұдырықтаса алатын адамды көрмедім. Головкин қарсыласын соққыға жықса, олар бірден жеңіліп, беріле салады. Бірақ ол мені мұнымен қорқыта алмайды, рас айтамын. Мен оны қашықтықта ұстап тұруға тырысамын. Дегенмен ол мені қорқыта алмайды. Меніңше, Головкин - ғаламшар бойынша үздік боксшы, бірақ мықты боксшы атану үшін мықтылармен жұдырықтасу керек. Ол маған керек адам", - деп келтіреді Сондерстің сөзін Boxing News басылымы.

Жарнама

Живи спортом!