auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкиннің "Канелоға" қарсы екінші кездесуінде қанша пайда табатыны анықталды

Бұл кездесуде Головкин Альвареске қарағанда аз пайда табады.

Головкиннің "Канелоға" қарсы екінші кездесуінде қанша пайда табатыны анықталды
Reuters©
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске қарсы келіссөздер орта салмақтағы WBС, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін сәтті өтті, деп жазады Yahoo! Sports.

Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы кездесуден түскен пайданың 45 пайызын алады екен. Бірақ бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ. 

"Қарапайым жанкүйер бұл келіссөзден Головкин жеңілді деген ойға келуі мүмкін. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Головкин бұл былықтан жеңімпаз болып шықты. Тіпті бұған дейінгі шарттардан мықты келісімшарт алды. 

Головкин бұл келіссөзден жеңілді деп ойлаудың өзі дұрыс емес. 2017 жылдың 16  қыркүйегінде өтіп, тең аяқталған кездесуде Альварес пайданы 70-30 көрсеткіші бойынша бөлген еді. Ал жекпе-жек 5 мамырда өтеді деген кезде пайда 65-35 пайыз бойынша бөлінетіні айтылды. 

Бірақ Головкин өз дегенінен қайтпады. Ал Golden Boy ұсынысын көтере берді. Сейсенбі күні Головкинге табыстың 40 пайызын алу туралы ұсыныс түсті. Оның үстіне 2,5 пайыз бонус та болды. Головкин жоқ деді. Содан соң Golden Boy ұсынысты 42,5 пайызға дейін көтерді. Енді Головкин алдағы кездесуде жеңілетін болса да, осы табысты алатын болды. 

Дегенмен де Головкин бұл ұсынысқа да "жоқ" деп жауап берді. Тіпті ол "Канеломен" кездесуден бас тартып, оның орнына орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерспен кездесуге дайын болды. 

Алайда аптаның ортасында өзгерістер болды. Екі боксшының командасы да табыстың қалай бөлінетінін жарияламау туралы шешімге келді. Бірақ Головкин алдағы кездесу үшін өзі талап еткен 45 пайызды алатын секілді. Себебі, Golden Boy компаниясында басқа ешқандай нұсқа болмады. Головкин де мұны білді. 

Ол сондай-ақ Альваресті әлі талай мәрте допингке тексеретінін де біліп отыр. Сондықтан бұл Головкин үшін үлкен жеңіс. Бірақ ол жеңіске шаршы алаңның сыртында емес, шаршы алаңда жеткісі келетін боксшы", - деп жазды басылым. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталып еді




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар