Головкиннің "Канелодан" жеңілгеніне кім кінәлі екені анықталды

©ringtv.com

Сауль "Канело" Альварестің бапкері Эдди Рейносо Геннадий Головкинмен өткен бірінші кездесуден кейін не болғанын айтып берді. Сонымен қатар, Рейносо екінші кездесуде мексикалықтың жеңіске жетуіне Абель Санчестің көмектескенін мәлімдеді. 

Бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы Лас-Вегаста өтіп тең аяқталған. Ал бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде Альварес төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

"Ол қателік жіберді. Иә, Санчес Головкинде мексикалық стиль бар деп, "Канелода" жоқ деп айтпау керек еді. Бұл біз үшін өте маңызды дүние болды. 

Бірінші айқаста біз аяқпен көп қимылдап, қарсы шабуылда жүрдік. Головкиннің шабуылын күтіп, жауап беріп отырдық. Кейде бұл өз нәтижесін берді. Кейде бермеді. Біз қатты белсенді болмадық. Көбірек соққы жасауымыз керек еді. Ал екінші жекпе-жекте "Канело" Головкинді қысымға алды. Нағыз Мексика боксының стилін көрсеттік. Олар өз ауыздарын жапты. Бұл анық бапкердің қателігі", - деді Рейносо. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар