Профи-бокс
31 қазан 2017 14:20
 

Головкиннің жолын Әшкеев жалғастыра алады - Ермахан Ибраимов

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің жолын Әшкеев жалғастыра алады - Ермахан Ибраимов Сурет Әшкеевтің әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Vesti.kz порталына берген сұқбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жетістігін басқа қандай қазақ боксшылары қайталай алатынын айтып берді. 

"Головкиннің жетістігін бірінші кезекте Мадияр Әшкеев қайталай алады. Мадиярдың әуесқой бокстағы көрсеткіштері керемет болмаса да, кәсіпқой боксқа бірден төселіп кетті. Өткен жылы 6 кездесу өткізіп, рейтингте тәп-тәуір көтеріліп қалған еді, биыл бір ғана кездесу өткізді. Неге көбірек өткізбеген білмеймін. Бірақ нақты бір себебі бар деп ойлаймын. Дәл осы қарқынмен жүре беретін болса, Әшкеев келер жылдың соңына дейін чемпион атануы мүмкін. 

Сонымен қатар кәсіпқой бокста Мейірім Нұрсұлтанов пен Әли Ахмедовтің алар асуы биік деп есептеймін. Сонымен қатар жуырда ғана кәсіпқой бокста бағын сынаймын деп шешкен Садриддин Ахметовтен көп үміт күтемін", - дейді Ибраимов. 

Еске салайық, 29 жастағы Мадияр Әшкеев өзінің келесі кездесуін 25 қараша күні Нью-Йорк қаласындағы қаласында өткізу керек болатын. Бірақ белігісіз себептерге байланысты отандасымыз бұл күні жекпе-жек өткізбейтін болды. Бұл бокс кешінде оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов шығатын болды. 

Айта кетейік, Әшкеев кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, ол да барылығында жеңіске жетті. Соңғы кездесуін ол 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, 50 секундта бразилиялық қарсыласы Исмаэль Буэноны жеңді.

Әли Ахмедов болса 9 кездесу өткізіп, барлығында қарсыласынан үстем түскен. Ол қазір жастар арасындағы WBC белбеуінің иегері. Жастар арасында әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Садриддин Ахметов болса өткен айда кәсіпқой боксқа ауысқанын айтты. 

blog.share
2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Vesti.kz порталына берген сұқбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық
Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жетістігін басқа қандай қазақ боксшылары қайталай алатынын айтып берді. 

"Головкиннің жетістігін бірінші кезекте Мадияр Әшкеев қайталай алады. Мадиярдың әуесқой бокстағы көрсеткіштері керемет болмаса да, кәсіпқой боксқа бірден төселіп кетті. Өткен жылы 6 кездесу өткізіп, рейтингте тәп-тәуір көтеріліп қалған еді, биыл бір ғана кездесу өткізді. Неге көбірек өткізбеген білмеймін. Бірақ нақты бір себебі бар деп ойлаймын. Дәл осы қарқынмен жүре беретін болса, Әшкеев келер жылдың соңына дейін чемпион атануы мүмкін. 

Сонымен қатар кәсіпқой бокста Мейірім Нұрсұлтанов пен Әли Ахмедовтің алар асуы биік деп есептеймін. Сонымен қатар жуырда ғана кәсіпқой бокста бағын сынаймын деп шешкен Садриддин Ахметовтен көп үміт күтемін", - дейді Ибраимов. 

Еске салайық, 29 жастағы Мадияр Әшкеев өзінің келесі кездесуін 25 қараша күні Нью-Йорк қаласындағы қаласында өткізу керек болатын. Бірақ белігісіз себептерге байланысты отандасымыз бұл күні жекпе-жек өткізбейтін болды. Бұл бокс кешінде оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов шығатын болды. 

Айта кетейік, Әшкеев кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, ол да барылығында жеңіске жетті. Соңғы кездесуін ол 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, 50 секундта бразилиялық қарсыласы Исмаэль Буэноны жеңді.

Әли Ахмедов болса 9 кездесу өткізіп, барлығында қарсыласынан үстем түскен. Ол қазір жастар арасындағы WBC белбеуінің иегері. Жастар арасында әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Садриддин Ахметов болса өткен айда кәсіпқой боксқа ауысқанын айтты. 

Жарнама

Живи спортом!